SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

     Әл-Фараби ауданында «8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесі атылып өтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қалалық балалар өнер мектебінде  8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарасы болып өтті. Баршамызға мәлім, «8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесі бірнеше жылдан бері ауданымызда тойланып келеді. Биылда өз дәрежесінде кең көлемде аталып өткен бұл мерекеде алғаш болып аудан әкімінің орынбасары Д.Босымбаев пен аудандық ардагерлер қоғамының төрағасы М.Омаров сөз сөйлеп, жиналған ауданымыздың әйел-азаматтарына  өз тілектерін білдірді.

        Шарада сондай-ақ, ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталса, көп балалы аналарымыз Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 6 ақпандағы №629 Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті атынан «Алтын, Күміс алқаларымен»  табысталды. Аудан әкімінің алғыс хатымен мараптталғандар ішінде республикаға, облысымызға белгілі Баян Жандосқызы Айтбекова, қалалық мәслихаттың депутаты Жолдыбаева Төрайм  Сұлтанқызы т.б осындай белсенді азаматшалар болды. Концерттік бағдарламада түрлі эстрадалық, дәстүрлі және халық әндерімен қоса, қаламыздың белсенді жастарынан құралған  «Жайдарман» ктк-ы әзілдерімен көрермендер көңілін көтерді. Біз үшін қуантатын жайттың бірі, іс-шарамызда ауданымыздың ең қарт тұрғындарының бірі-Иржанова Бибісара Мұхамеджанқызының қатысуы болды. Өңі сыр бермеген, жүрісі мықым, өзі сергек әжей іс-шарамызда басынан аяғына дейін қатысып, осындай мерекені ұйымдастырып отырған аудан әкімі аппаратына өз ризашылығын білдірді.

 Бізде өз кезегімізде, аудандағы барша әйел-аналарды мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, өмірлеріне ұзақ ғұмыр тілейміз!

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы