SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

КОНСТИТУЦИЯ-ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Қазақстан Республикасының Конституциясы- еліміздің дамуы мен гүлденуінің негізі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды. Осы жылдар ішінде біз барынша қуатты, экономикалық жағынан дамыған, саяси тұрақты мемлекет құруда орасан зор дамуына қол жеткіздік.

    Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейінде «Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесіне арналған  іс шарасы өтті.  Іс-шарада А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан Облыстық ғылыми әмбебап  кітапханасы» «Айбары Асқақ- Ата Заң» тақырыбында еліміздің Коституциясын қабылдаған күннен бастап осы уақытқа дейінгі көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеде бүкіл мемлекеттік құрылымын айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжаттың 21 жылдық тарихы көрсетілді.   Іс-шара барысында сахна төрінде Қазақстан Республикасында еңбегі сіңген, қоғам қайраткерлері өнер көрсетіп, тамашалауға келген аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

     Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Тажибаев Марат Абдимажидұлы ауданымыздың дамуы мен өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарымызға, атап айтқанда: Әл-Фараби аудандық соты, әділет, тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, ішкі істер қызметкерлерін, алғыс хатпен марапаттады.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы