SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен рейдтік іс-шара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Шымкент қаласы Қазыбек би көшесі №195а көпқабатты үй тұрғындарының «Golden Cavalli» түнгі клубының түнгі тыныштықты сақтамауы бойынша      Шымкент қаласы әкімі Ғ.Әбдірахымовтың атына келіп түскен арызға байланысты Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен рейдтік іс-шара жұмыстары жүргізілді. Рейдтік іс – шараға салық басқармасынан, жергілікті полиция қызметінен, Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік құқық бөлімінен, Әл-Фараби аудандық кірістер басқармасының қызметкерлері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара 2016 жылдың 20 қазан күні сағат 22:00 басталды. Нәтижесінде түнгі клуб әкімшісіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзбауға ескерту берілді. Сонымен қатар, түнгі клуб иесі алдағы уақытта аталған кемшіліктерді болдырмауға келісімін берді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы