SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Елімнің еркіндігі-Ата Заңым!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 23 жылдығына орай «Елімнің еркіндігі-Ата Заңым» атты мерекелік іс-шара «Орталық саябақта» өтті. Салтанатты шараға аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, аудан ардагерлері және Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы осынау мерейлі мерекемен құттықтай отырып Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата заңда бекітілген Республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз-Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін және Ата Заңның 23 жылдығымен баршаңызды құттықтаймын деді.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шара барысында аудандағы көп балалы батыр аналарға аудан әкімінің «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды. Сондай-ақ, осы іс-шарада аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға аянбай тер төгіп жүрген аудан белсенділері аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып патриоттық тақырыпта әншілер мен бишілердің асқақтата орындаған әндеріне жиналған көпшілік тамсана тарқасты.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы