SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Көріктендіру және санитарлық тазалық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Әл-Фараби ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық, аула, ішкі орам жолдарын тазалау жұмыстары бойынша 7 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітіліп, жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілуде.

Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағын аудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын «Байтерек-ЛБ» ЖШС, «Нұр-Сат» ЖШС, «Бек-Асыл» ЖШС, мекемелері және елді мекендерді абаттандыру және көріктендіру жұмыстарын «Қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігінің»  «Тұрар» ЖШС корпоративтік қоры мекемесі атқаруда. Аталған мекемелермен қазіргі уақытқа дейін 4334м³ қоқыс полигонға шығарылды. 421 қураған ағаштар кесіліп, 11 903 тал санитарлық қырқылды, 13 833 ағаш әктеліп, 260,05 га шөп орылды. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппараты тарапынан күнделікті жүргізіліп, қатаң бақылауында.

     Алайда, аудан аумағындағы елді мекендер мен көше бойларына, көп қабатты үйлердің аулаларына бей-берекет қоқыс және құрылыс қалдықтарын тастаушы тұлғаларда көбейе түсуде. Атап айтқанда, жыл басынан заң бұзушы азаматтарды тәртіпке шақыру мақсатында, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары мен ішкі істер қызметкерлерінің бірлескен  бірнеше рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Рейдтік іс-шара кезінде «Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің - 505 бабы бойынша  құқық бұзушылықтар анықталып 227 ескерту және айыппұл хаттамалары толтырылды.

Осыған орай, жоғарыда айтылған жұмыстарды ескере отырып, барлық қала тұрғындары мен қонақтарын қала тазалығын сақтауға белсене атсалысуға шақырамыз.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы