SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада құнды. Оны сақтау, қастерлеу бар азаматтың борышы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес ОҚО тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат – тіл тазалығының айнасы» атты облыстық акциясы өтті. Акцияның мақсаты –мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін қалыптастыру, қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көліктердегі көрнекі ақпараттардың «Тіл туралы» заңында белгіленген талаптарға сәйкес орындалуын бақылау.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 19-21 баптарына сәйкес, көшедегі көрнекі ақпараттар мен жарнамаларда қазақ тіліндегі мәтін жоғарыда, орыс тіліндегі мәтін төменде орналасуы керек.

  Әл-Фараби ауданына қарасты  Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі көрнекті жерлерінде, кәсіпкерлік нысандар мен мекемелер маңдайшаларында жазылған атаулардың, жарнамалардың Қазақстан Республикасы "Тіл туралы" Заңының талаптарына сай болуын және қазақ тілінде дұрыс жазылуын насихаттау мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші барлық тіл жанашырлары! Қала тұрғындары! Сіздерді өз елінің патриоты, өз мемлекетінің құндылықтарын насихаттауға мүдделі азамат ретінде, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабының талаптарына сай келмейтін құқықтық және грамматикалық қателерді кездестірсеңіз, ол туралы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мәдени-ағарту жұмыс бөліміне 55-00-26 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз!

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы