SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі аудан әкімінің басты назарында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығы және Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерін бірлесе  Әл-Фараби аудан аумағында орналасқан І.Жансүгіров көшесі бойындағы өзбетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға «Жұмыспен қамту» 2020 бағдарламасы және «Өрлеу» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

      Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту» 2020 бағдарламасы негізгі үш бағыттан тұрады: бірінші бағыт- белсенділікті арттыру (тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту, кәсіби оқуды ұйымдастыру), екінші бағыты- ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту ( өз ісін ашу), үшінші бағыт- еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру (экономикалық белсенді аймақтарға жер алмастыру арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру). Бағдарламаға қатысушылар санатына жұмыссыздар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтар кіреді. Отбасының қиын тұрмыс жағдайын жеңілдету мақсатында және бұрын соңғы жұмыс істемеген отбасы мүшелеріне жаңа өмірге беймделуіне, оқуына не қайта оқуына, сонымен қатар, жұмысқа орналасуына ықпал ету немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерін қарастыру  көзделген.

Сонымен қатар  2015 жылдың 19 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №82 қаулысына сәйкес  «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасынының мақсаты – аз қамтылған еңбекке жарамды  отбасылар тек қана жәрдемақы алып қоймай, әлеуметтік бейімделген және кәсіби хабардар болып, әрекетсіз ақшалай көмектен белсенді отбасыға ауысып және асыранды көңіл-күйді барынша азайту.

Осы бағдарламалар бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жұргізілді.

 

Жұмыспен қамту орталығының жаңа  мекен жайы Төле би көшесі №26

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы