SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Әл-Фараби ауданында «Күміс алқаны» табыстау рәсімі өтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Әл-Фараби ауданының әкімі Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы  Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №818 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алты бала тәрбиелеп өсірген 12 анаға «Күміс алқа» наградасын тағып, мерейге бөленген аяулы жандарға куәліктерін табыс етті.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Әр ананың арманы - баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі — ата-ананың амандығы. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспін! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деп тілектерін айтты аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы.

Жалпы Әл-Фараби ауданы бойынша 4900 көп балалы аналар бар, олардың 351 ана «Алтын алқа» және 935 ана «Күміс алқа» иегерлері.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы