SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сенаторлар қала тұрғындарымен кездесті.

Таяуда ғана Шымкент қаласынан сайланған сенат депутаттары Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауын насихаттап түсіндіру үшін Шымкент қаласының тұрғындарымен және қала активімен кездесу жиынын өткізді.

Сенаторлар жолдаудың 6 бағыты туралы баяндама жасап, жолдаудың негізі тармақтарына яғни қолжетімді тұрғын үй мәселесі, мұғалімдер мәртебесі, құқық қорғау органдарындағы өзгерістер, жалақы мәселесі және жолдауда айтылған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталып өз ойларын ортаға салды.

Кездесу кезінде Елбасы Жолдауының басымдықтарын нәтижелі жүзеге асыру жан-жақты талқыланып, сенаторлар жиналған жұртты елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Жиын қала тұрғындары және қаладағы құзырлы мекеме өкілдері, сот органы, депутаттар, ардагерлер, студент жастар, білім саласының қызметкерлері, ішкі істер қызметкерлері, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы