Ескі қалашық
Әл-Фараби ауданы аумағында ретсіз саудамен күрес жалғасуда. Бүгінгі таңда, жол бойындағы ретсіз сауда қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізуіне байланысты, Әйтеке би көшесі «Ескі қалашық» аумағында Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе кезекті рет іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында Әйтеке би көшесінде орналасқан коммерциялық нысандардың иелеріне ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 11 хаттама толтырылды. Сонымен қатар, аталған аумақтағы заңсыз ақылы қызмет көрсетіп отырған автотұрақ иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақылы автотұрақ белгілері алынып, нәтижесінде ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 449-бабына сәйкес 2 тұлғаға хаттама толтырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде атқарылады.
Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы