Әл-Фараби ауданы аумағындағы заңсыз дүңгіршектерді жою бойынша іс-шара
Шымкент қаласы әкімдігінің 13.04.2016 жылғы «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын алдын-алу, жою жұмыстарының барысы» туралы №649 қаулысына сәйкес, қаланың сәулеттік келбетін сақтау мақсатында Әл-Фараби ауданында ретсіз саудамен және заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда. Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында, ҚР-ның «Жер» Кодексінің 43-бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-шы және 204-бабына сәйкес, Бейбітшілік көшесіндегі «Челси» кафесінің алдындағы бастырма иесіне, Әбдіразақов көшесі бойындағы дүңгіршекке және А.Байтұрсынов көшесіндегі «Жеміс-жидек» дүңгіршегі иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аталған заңсыз дүңгіршектер орындарынан алынды.
Қазіргі таңға, Әл-Фараби ауданы бойынша 46 заңсыз орнатылған дүңгіршек алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы