SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес Шымкентте жаңа екі автобус бағыты ашылды.

Атап айтқанда жаңа автобустар №16 және №45 бағыттары бойынша қызмет көрсетеді.

№45 автобустың жол жүру сызбасы - АвтоЦОН (Достық шағынауданы) – Алматы айналма жолы – Жиделібайсын көшесі – Ю. Гагарин көшесі – Республика даңғылы – Тәуке хан даңғылы – Ж. Тәшенов көшесі – Төле би көшесін қамтып, ТЖВ аумағына дейін барады.

Сондай-ақ, жаңа №16 автобусы – Тәуке хан - Қойкелді батыр, Ақназар хан, Төле би, Түркістан көшелері, Қонаев, Тәуке хан, Республика даңғылы, Б. Саттарханов, Ашурходжаев, Өркендеу, Чайковский, Б. Саттарханов, Ы. Алтынсарин, Тұрсынбаев көшелері – Ферма.

Айта кетсек, 19 маусым қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылған болатын. Осы күні жоспарланған 300 жаңа автобустың 160-ы жеткізілді. Жалпы автопаркте жанармай бекеті, сервистік орталық, автожуу қызметінен бөлек, қызметкерлер үшін жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған. Қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк таяу арада жаңа 1000 автобус алмақ.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы