SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

«Ұлттық тағам» атты конкурс өткізілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен 26.04.2016 жылы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастырылуымен аудандық деңгейде өткізілген қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған және заманауиындырылған тағамдарының көрмесін өткізді. Конкурсымыздың мақсаты-көпғасырлы қазақ ұлттық дәстүрлерді сақтап қалу және тарату мақсатында қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған тағамдарының жаңашалануы, сонымен қатар әйелдерді «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне  қатысуға дайындау. Конкурсқа  10 мекемеден 7 өтініш хат келіп түсті, соның ішінде №6 колледждің оқытушылары, «Нағыз қазақ» кафесінің аспазшысы, «Ақ дастархан» кафесінің аспазшысы, « Ауылым» кафесінің аспазшылары қатысып, ұмыт қалған және заманауиндырылған тағамдарды дайындап, қазылар алқасын таң қалдырды. Конкурстың нәтижесі бойынша І орынды – Минтаева Жамила Қасымбекқызы -№6 колледждің  І санаттағы наубайшысы, ІІ орынды – Кенжаева Гүлімхан – «Ауылым» кафесінің аспазшысы, ІІІ орынды – Ильясова Перизат - №6 колледждің аспазшы шебері иеленді.  Қалған қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы