SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

     Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Орталық саябақта «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты шараға аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, аудан ардагерлері, этномәдени бірлестік өкілдері және аудан жастары қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы бірлік пен берекенің баға жетпес дәстүріне айналған, ынтымағы ырысқа, бірлігі берекеге толы мереке екенін атап өтіп, Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз-Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін және «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен баршаңызды құттықтаймын деді.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шара барысында аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға аянбай тер төгіп жүрген аудан белсенділері аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып патриоттық тақырыпта әншілер мен бишілердің асқақтата орындаған әндеріне жиналған көпшілік тамсана тарқасты.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы