SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданына қарасты Забадам елді мекенінде кітапханаға «модульдік кітапхана» статусы берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Забадам шағынауданы, Нұра көшесі №3 мекен-жайында «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ қарасты №8 кітапхана бөлімшесінің «модульді кітапхана» статусын алуына орай кітапхана бөлімшесінің  ашылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

     Салтанатты іс-шараға Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Тажибаев Марат, Шымкент қаласы маслихатының депутаты Үсенов Данияр, қоғам қайраткері және жазушы Сүлейменов Уәлихан және Облыстық «Отырар» ғылыми әмбебаб кітапханасының директоры Сарымбекова Закира Сембекқызы қатысып, өз тілектерін білдірді.

Қоғам қайраткері  Сүлейменов Уәлихан: «Кітап – білім бұлағы» Кітапхана араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді. Балаларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу деп тілегін білдіріп, Асанбай Асқаров жайлы жазған «Қайталанбас тұлға» атты кітабын кітапхана қоржынына сыйға тартты. Келген қонақтар тарапынан жастардың әлеуметтік желіде бос уақыттарын өткізбей,кітапханаға келіп кітап оқып, өздерінің ой-өрістерін жетілдіруге болатындығы айтылды. Бұл кітапхана Забадам шағынауданында №13 мектептің жанында орналасқандықтан, мектеп оқушыларына ыңғайлы болып келеді.

Бұл салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы