SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

«Нұр Отан» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалының кезекті XXXV конференциясы болып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиынға шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихаттардағы депутаттық фракциясы мүшелері, жергілікті атқарушы органдармен бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен белсенді мүшелері, БАҚ өкілдері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Ең маңыздысы «Нұр Отан» партиясының Әл-Фараби аудандық төрағасын сайлау болды. Шымкент қаласының әкімі «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымовтың ұсынуымен партия Орталық аппаратының келісімімен, Әл-Фараби аудандық партия филиалының төрағалығына Әл-Фараби ауданының әкімі Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы сайланды. Мұнан әрі жаңа төраға өз ойын ортаға салып, бүгінгі елдің жеткен жетістігі ұлт көшбасшысының арқасында бағындырған биік екенін атап өтті.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауын талқылап, партияның 2017-2018 жылдардағы атқарылған жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ партия филиалының саяси кеңесінің құрамына бірқатар өзгерістер енгізіліп, кеңес жобасының жаңа құрамы таныстырылып, Шымкент қалалық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

Конференция жұмысын қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов партия активінде Әл-Фараби аудандық партия филиалының атқарылған жұмыстарына оң бағасын беріп, жүктелген міндеттер мен тапсырмалар өз мерзімінде әрі сапалы орындалуына сенім білдірді.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы