SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шымкент-қауіпсіз қала» жол картасы аясында Әл-Фараби ауданы бойынша 2019 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға шектеу қою және 23:00-ден кейінгі қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Әл-Фараби аудандықжергілікті полиция басқармасы өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, аудан аумағындағы Республика, Т.Айбергенов және Ә.Жангелдин көшесінің бойындағыазық-түлік дүкендері, ойынхана сонымен қатар кафе иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарлама парақшалары таратылды.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9 бабының 3 тармағында, алкоголь өнімін, тиісті лицензиясы болмаса сақтауға және өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, алкоголь өнімін: жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға; лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе; сағат 21:00-ден келесі күнгі 12:00-ге дейін өткізуге тыйым салынады. Аталған Заңның талаптарын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық үшін – құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған кәсіпкерлік субъектісінің санатына сәйкес, жиырма бестен бастап, алты жүзайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 200,282,463 баптары).

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы