SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Мектеп оқушыларын,яғни  өскелең  ұрпақты  патриотизмге баулу мақсатында  мектеп  қабырғасында  кездесу  ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Әр бір болашақ жастарымыз,болашақ  ұрпақтарымыз  біздің  қорғанымыз бен мақтанышымыз болу үшін,оларды  ел жанды, Отанын қорғауға, ер жүрек патриот етіп тәрбиелеу  біздің қолымызда. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен А.Навои атындағы № 11 мектеп оқушыларын,яғни  өскелең  ұрпақты  патриотизмге баулу мақсатында  мектеп  қабырғасында  кездесу  ұйымдастырылды.

Ақтөбе  қаласында өткен  терактіде  болған  еліміздің қас батыры  Сүндетов  Сырым  Адырбайұлы да жиналысымыздың қонағы болды.

Сүндетов  Сырым  Адырбайұлы  өз сөзінде  терроризм  құрбаны  болғаны жайлы,өз басынан  өткен  оқиғаларын баяндап берді. Сонымен қатар өзінің  әскер қатарына  қалай келгені жайлы да  баяндады. «Мәңгі  Ел» болашақ  жастары  Отанына адал, болашағына сенімді жастар  біздің  мемлекетіміздің   болашағы екенін  атап өтті. Жасөспірімдермен өткізілген  сұхбат  барысында  оқушылар  көкей тесті  сұрақтарын қойып, қанағаттандырарлық жауаптар алып, бойларына  күш алғандай сезімде болды.

Сонымен қатар, Оқушыларға біздің мемлекетіміздің  азаматының борышы Отан алдында қызмет жасау екенін, әскери мамандықты  жеке бастың мансабы үшін  емес, Отанға деген сүйіспеншілік сезіммен адалдық, борыш  және патриотизмге шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы