SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Елге қызмет – абыройлы міндет!

 

Мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу отаншылдық рухта өтіп, Оразкүл Асанғазықызы өзінің еңбек жолы мен өмірбаяны туралы аппарат қызметкерлеріне айтып өтті. Айта кетейік, Оразкүл Асанғазықызы өзінің еңбек жолын тоқсаныншы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында атқарған. 1995-1996 жылдары - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарып, кейіннен Астана қаласына қызмет ауыстырған.

Кездесу соңында Әл-Фараби ауданының көркейіп дамуына және аппарат қызметкерлерінің еңбектеріне табыстар тіледі.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы