SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Сәуле» шағынауданында орналасқан мазаратта Абдул Хамит Қаттани мешітінің, колледж ұжымдарының және басқада мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары өткізілді.

Сонымен қатар, Әл-Фараби аудан әкімі аппараты қызметкерлері көпқабатты тұрғын үй басқарушыларымен бірлесе, «Отырар» шағынауданы №41 үйдің ауласында сенбілік жұмыстарына қатысты. Бүгінгі өткізілген сенбілікте аудан тұрғындары, Абдул Хамит Қаттани мешітінің, колледж ұжымдарының және аппарат қызметкерлері белсене атсалысты.

Сенбілікке 11 арнайы техникамен 550-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 60 м3 күл – қоқыс шығарылды, 67 ағаш әктелді, 10 қураған ағаштар кесіліп, 43 тал санитарлық қырқылды. Сонымен қатар, сенбілік жұмыстары ұйымдастырылған көпқабатты тұрғын үйлердің алдындағы және көше бойларындағы темір қоршаулар мен барлық ойын алаңшалары сырланып, ретке келтірілді. Алдығы уақытта сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы