SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бірге - Таза Қазақстан» табиғат қорғау акциясы аясында Әл-Фараби ауданы аумағындағы «Қошқар ата», «Қарасу» өзендерінің жағалауларына, "Сауле" шағынауданы және аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Бүгінгі өткізілген сенбілікте аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауданның белсенді жастары және үй тұрғындары белсене атсалысып қатысты.

Сенбілікке 17 арнайы техникамен 800-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 73 м3 күл – қоқыс шығарылды, өзен бойындағы барлық өсік шөптер орылып, 370 ағаш әктелді. Сонымен қатар, сенбілік жұмыстары өткізілген көпқабатты үйлер аулаларындағы барлық ойын элементтеріне сырлау жұмыстары жүргізілді. Атқарылған сенбілік жұмыстары алдығы уақыттарда жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы