SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Құрметті Әл-Фараби ауданының тұрғындары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарына баршамыз қамдану қажет екенімізді назарларыңызға саламыз.

Әсіресе жеке секторларда тұратын тұрғындарымыз, автономды жылыту қазандықтарын, мұржаларын, жылыту радияторын (батареяларын) алдағы жылу маусымына жарамдылығын арнайы мамандарға тексертіп алғаны абзал.

Сонымен қатар, күн суытып, қар түскенде  көмірге  деген сұраныс күрт артып, кезек жетпей, бағасы да шарықтап кетіп жататыны белгілі. Бұл орайда, бағаны тұрақтандыру бойынша жан-жақты шаралар қабылдануда.

Ал, дәл бүгінгі күндері, көмірдің бағасы да арзан, жаңбырдың астында қалып, салмағы артып кетпеген, яғни құрғақ, әрі ұзын-сонар кезек те жоқ.

Сондықтан, жер үйлерін көмірмен жылытатын тұрғындарымыз дәл осы кезде көмірлерін түсіріп алғандары дұрыс екендігін назарларыңызға саламыз.

Қажетті ақпараттарды 54-96-54 сымтетігіне хабарласу арқылы ала аласыздар.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы