SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 2017 жылдың шілде айында ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты Республикалық пилоттық жобасын іске асыру бойынша 18.07.2017 жылы «Гаухар» тігін фабрикасында жұмыс жасайтын әйелдер қауымымен «Отбасы құндылығы» тақырыбында кездесу өткізілді. 23.07.2017 жылы Жоғары қырғы базарының келушілеріне әділет басқармасының, психологтар, медиаторлар, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік көмектер көрсетті. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын-алу, зорлық-зомбылық жасауға бейім жеке профилактикалық жұмыс жүргізу, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, отбасында әйелдермен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және оның жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, заңгерлік, психикалық консультация берілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы