SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Тазалықты сақтау-сенің де міндетің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Қаланың тазалығын қадағалау немесе сақтау тек жергілікті әкімшіліктің міндеті емес. Бұл мәселе тұрғындарды да алаңдатуы тиіс. Көп жағдайда көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы күл-қоқыстан арылмайды. Оған себеп, тұрғындар үйлерінен шыққан тұрмыстық қалдықтарды кез-келген жерге тастайды. Немесе контейнерлердің жанына лақтырып кетеді.

      Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қоғамдық орындарда санитарлық тазалықты сақтау мақсатында «Қала тазалығы-баршамызға ортақ!» тақырыбында жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе іс-шара жұмыстары ұйымдастырылуда.

Бүгінде  атпа сайын «Қала тазалығы-баршамызға ортақ»атты іс-шара жүріп жатқанын бәрімізге белгілі. Бірақ тазалық  бір күндікпен бітпейді, ол күнде керек. Себебі, күл-қоқыс әрбір үйден күнде шығады. Осыған байланысты айтарым, сол үйден шыққан қоқысты, қалдықтарды тастайтын жерді білуіміз және сол тиісті орынға ұқыпты тастауымыз керек .Сондықтан, әрбір тұрғын өзі тұрған көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізсе, дер кезінде күл-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызса, қандай жақсы болар еді?!

           Олай болса, қаламыздың соңғы кезде заманауи үлгіде жаңарып, жасаруы, көшелердің, демалыс орындарының әсем безендірілуі қала жастарының өз туған шаһарларына деген сүйіспеншілігін арттыруда. Шырайлы қала Шымкенттің ажарланып, келбеттене түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті болуға тиіс. Әрбір тұрғын өзі тұрып жатқан мекеніне деген жауапкершілігін сезініп, жанашырлық танытып, айналасын тазалап, сенбіліктерге белсене қатысса, әрбір аула, көше таза да көрікті болары сөзсіз!»

Осыған орай, барлық қала тұрғындарын «Қала тазалығы-баршамызға ортақ» атты іс-шарасына ат салысуға шақырамыз!

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы