SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Астананың 20 жылдығына орай «Ел жүрегі-Астана» атты патриоттық кездесу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        2018 жылғы 22 ақпан күні әкімі аппараты мен қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  «Ел жүрегі –Астана»  атты патриоттық кездесуі болып өтті.

Барлық қазақстандықтардың асқақ айбары-ару Астанаға 20 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып,көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми түрде көшіру     1997 жылы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы                  6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда болып өтті. Қысқа да болса 20 жыл ішінде Астана көптеген белестерді бағындырды.Барлық дүние жүзі мемлекеттері біздің елімізді танып, оң баға бергені белгілі. Осы жылы Астана жаңа технологиялар дамыған қала болатыны және «Смарт сити» дәрежесіне жететіні анық. Астананың 20 жылдығын атап өту мақсатында жоғарыда аталған жиынға Елбасының курстасы, досы Т.Спаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Омаров қатысты. Телман аға  өзінің Елбасымен бірге өткен студенттік шақтары мен қызықты күндерін, жастарға қызықты болуы үшін өздерінің арасында жастық шақтарында айтылған анекдоттары туралы да баяндап берді. Сондай-ақ, Елбасы туралы жазған кітаптарын «Встречи на красном  мосту», «Он в будущем», «Предсказание» атты кітаптарын да жиналған қауымға таныстырып өтті. Слайд түрінде Президентіміз Н.Назарбаевпен бірге жүрген суреттерін және бірге өткізген курстасстар жиналысы мен қызықты сәттерін түсірген видеоларын көрсетті. Қызықты өткен кездесуде студенттер Телман ағадан өздерін қызықтырған Елбасының өмірі жайлы сұрақтарын қойып, жеке өмірі туралы да бірқатар мағлұматтарға қанық болды. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан кітапханалар Астананың 20 жылдық мерекесіне орай, көрме ұйымдастырып кездесудің кең көлемде өтуіне атсалысты.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы