SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Елбасының «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласының аясында, аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылуда.

Соның бірі, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан №1 А.С.Пушкин атындағы ЖОМ-де өткен іс-шараны атап айтуымызға болады. «Оңтүстік  жастары»  театрының жетекшісі Мақұлбек Беглан мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Театр және эстрада шығармашылығы» факультетінің 5-курс студенті Мақұлбек Ерманның  жоғарыда аталған мектептің бастауыш сынып оқушыларына арнап «Кім патша?» атты ертегілік қойылымы болып өтті.

Ертегілік қойылымның мақсаты- жаңадан санасы қалыптасып келе жатқан бүлдіршіндерге өмірдің түрлі қиыншылықтарына мойынсұнбай, адамгершілігімізді қашанда  сақтап қалу, екіжүзділіктен сақтану, жан-жағымыздағы адамдарға әділетті болу екендігін ертегі арқылы түсіндіру. Қызықты өткен қойылым кішкентай бүлдіршіндерге ұнағанын олардың жүздерінен байқалып тұрды. Сондай ақ, өз кезегінде мектеп оқушыларына осындай тәрбиелік мәні жоғары қойылым көрсетіп қуантқаны үшін мектеп басшылығы ағайынды жас режиссерларға өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Бізде өз тарапыздан Мақұлбек Ерманға алда өтетін дипломдық жұмысына сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы