SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпанындағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес, Шымкент қала әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлының төрағалығымен Әл-Фараби ауданының әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы аудан тұрғындарының алдында 2016 жылда атқарылған жұмыстары бойынша А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде Самал, Наурыз, БАМ, Ақжайық, Спорт шағымаудандары және Байтұрсынов көшесінің тұрғындарына алғашқы есепті кездесуін өткізді.

Жиналыс барысында аудан әкімі Б.Қалжанов 2016 жылы атқарылған жұмыстары бойынша (аудандағы санитарлық , тазалық, көгалдандыру, ауыз су, газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол құрылысы, ретсіз сауда, құқық қорғау, әлеуметтік көмек және т.б атқарылған жұмыстармен) баяндай келе және алдағы жылда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.

Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар, өтініштер, көңілдерінде жүрген көкейтесті әрі келелі мәселелерді ортаға салып, шешімін табу үшін Шымкент қаласының құрылымдық бөлімдері мен Аудан әкімдігі жан-жақты талдау жасап, осы мәселелерді жүзеге асыру барысы туралы хабарлап отыратындығын жеткізді.

 Сонымен қатар, аудан әкімінің тұрғындардың алдында есепті кездесулері Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейінде және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында өткізілетіндігін назарларыңызға саламыз.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы