SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты  жаңа жылдық шыршасы өтті.

 

     Бүгін «қалалық оқушылар сарайында»  Әл-Фараби ауданындағы  мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына арналып  жаңа жылдық шырша кеші өтті.

Балақайлардың асыға күтетін ең ғажайып мерекесі – Жаңа жыл шыршасына аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы арнайы қатысты. Ең алдымен Жаңа жылдық құттықтауын жеткізген аудан басшысы бүгінде ауданымызда ел ертеңі – жас ұрпақтар жолында атқарылып жатқан игі істерді тарқатып айтты.

Мұнан соң, балғындар аяз ата мен ақша қарды көріп, сыйлық алып қуанышқа бөленді. Осылайша, игі іске бастамашы болған азаматтар қамкөңіл жандардың арман-тілектерін орындауға азда болса үлес қосты. Әрине, жылдың ең басты мерекесін бүлдіршіндер асыға тосатыны белгілі. Осы ретте, белгілі өнерпаздары бүгінгі шарада балғындардың қиялына қанат бітіріп, ертегілер әлемінің қаһармандарын сомдап, түрлі ғажайыптарға толы қойылымдар көрсетті. Қуанышқа кенелген балалар салтанатты кеште ризашылықтарын танытып, өздерінің ақжарма тілектерін арнады.

    Жаңа жылдық шырша кешінде 450 балаға тәтті кәмпиттер мен сыйлықтар таратылды.

Іс-шарасның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, олардың бойына өмірге деген құштарлық нәрін себу.

            Іс-шараға аудан тұрғындары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан аумағында орналасқан мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

 

 

 

 

 

Copyright © 2020 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы