SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Құрметті Әл-Фараби ауданының тұрғындары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өздеріңізге белгілі бүгінгі таңда жылу маусымына дайындық жұмыстары қарқынды басталып кетті. Ауданымызда 672 көп қабатты тұрғын үй болса, оның 613 орталықтындырылған жылу жүйесі арқылы жылытылады. Осы 613 үйдің 381-ы яғни 60 пайызы, қысымдау сығымдау жұмыстарын жүргізіп үлгерді. Қалған көп қабатты үйлерде де дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлерді қысқы жылу маусымына дайындау жұмыстарына бірлесе атсалысуға шақырамыз.

Көп қабатты тұрғын үйді жылу маусымына дайындау жұмыстары, яғни, көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесіндегі жатын және тік құбырлары, бөлме ішіндегі құбырлар мен жылыту радияторы (батареяларын) жылу маусымына дайындау тұрғындардың өз міндеті екендігін назарларыңызға саламыз.

Бұл дайындық жұмыстарына мамандандырылған сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісім-шарт негізінде жұмыс атқарған тиімді екендігін жеткізгіміз келеді.

Қажетті ақпараттарды қосымша 54-96-54 сымтетігіне хабарласу арқылы ала аласыздар.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы