SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Республикамызда жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы барлық елдімекендерімізді қамтуда. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  Қ.Спатаев атындағы  №7 мектеп- лицейінде  мүгедек, жетім және көп балалы отбасынан шыққан мектеп оқушыларына концерттік бағдарлама қойылып, қажетті мектеп жабдықтары берілді. Басты мақсатымыз -  аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды   және әлеуметтік себептер бойынша балалардың жаңа оқу жылына мектепке бармай қалуын болдырмау,  алдын ала  көмек көрсете отырып балаларға кішкене болса қуаныш сыйлап,бақытқа бөлеу. Аталмыш іс-шарада  балаларын мектепке дайындауға жәрдем ретінде 110-ға жуық мектеп оқушыларына мектеп сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар таратылды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратынына қолдау көрсеткен демеушілерімізге облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен жеке кәсіпкерлерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз.

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында бұдан әрі жалғасын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы