SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

«Таза қала» акциясы туралы мәлімет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы «Таза қала» акциясын жариялайды.

Акцияға «Үздік аула» және «Үздік көше» номинациялары бойынша Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан аула, көше атынан үй және көше комитетінің төрағалары қатысуда.

 Өткізілетін құжаттар: акцияға қатысуға өтінім; акцияға қатысушының анкетасы (үлгіге сәйкес); жеке куәліктің көшірмесі; көше немесе аула туралы фото, басқа да сайыстарға қатысып қол жеткізген жетістіктері туралы мәліметтер (алғыс хаттар, мақтау қағаздары, грамоталар т.б.).

  «Үздік аула» көпқабатты үйлердің аулалары арасында өтеді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық деңгейін бағалау критерийлеріне сәйкес жиынтық бойынша ең көп балл жинаған аула үздік деп танылады.

Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданы бойынша «Таза қала» акциясына қатысуға  «Үздік аула» номинациясына 69 , «Үздік  көше» номинациясына 25 өтінім келіп түскен. Жалпы 94 өтінім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы