SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Сенің мамандық таңдауың» атты іс-шара өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы Адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, мамандықтарды насихаттауға және өндіріс саласында жастарды тартуға, жұмыс әлеуетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту шеңберінде қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып бекітілген.

  Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтің бекіткен «Еңбек күні» мерекесін атап өтуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Сенің мамандық таңдауың!» атты тақырыпта 2016 жылы 18 мамыр күні сағат 11.00-де  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бас ғимаратының акт залына аудандағы 24 мектептің  бітіруші түлектерін  шақырып  іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға мектеп бітіруші түлектер Шымкент қалалық білім бөлімі, Халықты жұмыспен қамту орталығы,  Қалалық жастар орталығы, жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, өз сұрақтарын қойып ой-пікірлерімен бөлісті. Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдылану арқылы шеберліктің шыңына жете білсең, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі жастар  үшін, болашақ үшін жасалуда екендігін оқушы жастарға түсіндіріліп, мамандықты таңдаудың маңыздылығын жалпылама насихаттап және оқушылардың сұрақтарына толықтай жауап берілді.

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы