SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласының сәулеттік келбетін көркейту мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан коммерциялық нысандарда және сауда орындарының ғимараттарында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаларды ретке келтіру мен аудандардың салық түсімдерін ұлғайту мақсатында бекітілген 2019 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлерімен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мен жергілікті полиция басқармасының  қызметкерлері бірлесе кезекті іс-шара ұйымдастырылды.

        Іс шара барысында, аудан аумағындағы Тауке хан даңғылы және А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан коммерциялық нысан иелеріне ҚР «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы 508 бабының 11-бабына және ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-V1 ҚР3 кодексінің 603 және 605 баптарына сәйкес заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды.Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы