SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заңыз орналастырылған дүңгіршектер алынуда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардаға сауданы жою жұмыстарының 2018 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданында заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда. Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, 30.03.2018 жылғы Шымкент келбеті газетінің  №25 (1564) басылымында жария етілген Әл-Фараби алаңы №3 мекенжайында  орналасқан заңсыз дүңгіршек иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,  нәтижесінде аталған заңсыз  «Ауыз ти» дүңгіршегі орнынан алынды.

Қазіргі таңға, Әл-Фараби ауданы бойынша 38 заңсыз орнатылған  дүңгіршек  алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы