SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Ретсіз сауда реттелуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты  Төле би көшесі, Қырғы базар аумағында жолдың бойындағы ретсіз сауда қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, өзекті мәселеге айналуына байланысты,          Әл-Фараби ауданының әкімі базар және сауда орталығы басшыларымен (Қырғы, Акбар, Визит ЖШС, Мият, Заман) қала тазалығын және көркін ретке келтіріп, ретсіз сауданы болдырмау мақсатында келіссөз жиналысын өткізді.

 Кездесудің нәтижесінде, аудан тарапы мен базар басшыларының «Өз ара түсіністік меморандумына» сәйкес, базар аумағын таза ұстаумен қатар ретсіз саудамен айналысушы тұлғаларды әлеуметтік сауда орындармен қамтамасыз ету жұмыстары өз жалғасын табуда.

Қазіргі таңда, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде, базар аумағы біршама ретке келтіріліп, 18 азамат базар ұсынған бос орындарға орналастырылды.

 Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы