SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

«8 наурыз халықаралық әйелдер күні» мейрамында жалпықалалық сенбілік өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Көктемнің шұғылалы,шуақты – 8наурыз мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан  облысының  орталық аумағында және жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау және көріктендіру, көгалдандыру жөнінде көктем айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, жалпықалалық сенбілік өтті. Аталған сенбілікке Әл-Фараби  аппаратының әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы және қызметкерлері ағаш көшеттерін отырғызып,мерекелік іс-шараға өз үлестерін қосты. Сенбілікке тек ер адамдар қатысып,аяулы әйелдер қауымына өз құрметін көрсетіп, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы орам (квартал), көше, үй басқарушылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте 14 техника мен 7500 астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 15 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды, 1350 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 1850 түп ағаш әктелді және   360  м3 күл – қоқыс шығарылды.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы