SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту және жинақы құрылысын салу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 498 қаулысымен Шымкент қаласын дамытудың және құрылысын салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекітілген болатын.

Аталған жоспарды аудан тұрғындары арасында түсіндіріп, кеңінен насихаттау мақсатында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов, Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Ә.Ташқараев және қалалық мәслихат депуттарының қатысуымен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратында және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында аудан тұрғындарымен кездесіп, Шымкент қаласының даму ерекшеліктері мен қаланы дамыту мақсатындағы 10 бағыт бойынша 89 жобаны іске асыру жұмыстары талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кешенді жоспардың басты мақсаты аумақ құрылысын жинақы салу және қала халқының өмірі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Кешенді жоспардың негізгі 10 бағыты:

1. Көлік инфрақұрылымы

2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

3. Тұрғын үй құрылысы

4. Білім беру жүйесін дамыту

5. Спорт жүйесін дамыту

6. Мәдениет жүйесін дамыту

7. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту

8 . Абаттандыруды дамыту

9. Қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету

10. Индустриялық аймақтарды дамыту

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы