SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі.
 Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні» мерекесіне орай және мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуын ұлықтау аясында 20.06.2018 жылы аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Бауыржан Ахметәліұлы Қалжановтың төрағалық етуімен «Біздің міндет – халыққа қызмет!» тақырыбында ардагер мемлекеттік қызметшілер және жас мемлекеттік қызметшілермен арасында кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы директоры орынбасарының міндетін атқарушы – Ешмуратова Бахытгул Маликовна, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, тыл ардагері Шымкент және Арыс қалаларының құрметті азаматы – Шерім Медеуұлы, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлеріміз - Охапов Темірхан, Нафикова Зухра Рахматуллаевна және аппарат қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік қызметте жүрген жас мамандар мен ардагер мемлекеттік қызметшілер арасында қарым-қатынас орнату, мемлекеттік қызметті дәріптеу және оның имиджін көтеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу. Ешмуратова Бахытгул Маликовна, Нафикова Зухра Рахматуллаевна өз сөзінде Мемлекеттік қызметші атану, адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті маман болуын талап ететінін .Осындай айтулы мереке мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға және патриотизмін арттыруға ықпал етері сөзсіз екенін және мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бойынша аппарат қызметкерлеріне түсіндіріп өтті. Шақырылған қонақтар мемлекеттік қызметке келу жолдарына, өз бастарынан өткен қиыншылықтар мен қызықты сәттеріне тоқталып, жас мемлекеттік қызметкерлердің толғандырған сұрақтарына жауап алды, ардагерлердің ақыл-кеңестерін тыңдады. Аудан әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы өз қызметтерін кіршіксіз абыроймен атқарып келе жатқан қызметкерлерді алғыс хатымен құттықтап, қызметттеріне табыс тіледі.

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы