SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

     «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында жиналыс өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын халықаралық, республикалық, облыстық жарыс жеңімпаздары арасында ілгерілету мақсатында Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №129 жалпы орта мектебінің мәжіліс залында кең ауқымда жиналыс өткізілді.Жиналысқа Сәуле, Забадам шағын ауданы тұрғындары, мектеп директоры Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы және ата-аналары қатысты. Осыған орай, «Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, мәдени ағарту жұмысы бөлімінің басшысы Ж.Оспанов» «Қазақстан халқы ассамблеясы» арнайы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Әмірхан Ерхан Әшірханұлы мамандары жиналысқа қатысушыларға ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Терең білім-тәуелсіздігіміздің тірегі», - деген Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Жиналыс барысында тұрғындар тарапынан да жан-жақты сұрақтар қойылып, оларға тиімді және пайдалы жауаптар берілді. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын Сәуле, Забадам шағын ауданы тұрғындары арасында ілгерілету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Жиналыс барысында тұрғындар көптеген сұрақтарына толыққанды қанағаттандырарлық жауап алды деген үміттеміз.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы