SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби ауданында «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алқаларын табыстау рәсімі өтті

Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Босымбаев Даурен  Абдикаримұлы  Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №14 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жеті бала тәрбиелеп өсірген 5 анаға «Алтын алқа» және алты бала тәрбиелеп өсірген 8 анаға «Күміс алқа» наградасын тағып, мерейге бөленген аяулы жандарға куәліктерін табыс етті.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Әр ананың арманы - баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі — ата-ананың амандығы. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспін! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деп тілектерін айтты аудан әкімінің орынбасары  Даурен  Абдикаримұлы.

Жалпы Әл-Фараби ауданы бойынша 4900 көп балалы аналар бар, олардың 351 ана «Алтын алқа» және 935 ана «Күміс алқа» иегерлері.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы