SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бағдарламасы» атты Үндеуі бойынша өткен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты активі мәжілісі аясында жиналыс өткізілді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бағдарламасы» атты Үндеуі бойынша өткен Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәжіліс залында кең ауқымда жиналыс өткізілді.Жиналысқа қаламыздың ішкі саясат бөлімі, қалалық мәслихат депутаттары, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, жастар және БАҚ өкілдері шақырылған.Осыған орай, Облыстық «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Қуашбай Саттар, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң «Қазақстан халқы ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты, доцент Есеналиев Асхат Ералыұлы жиналысқа қатысушыларға еліміздің әлеуметтік жағдайын жаңа деңгейге көтеріп, қарқынды дамуына жол беретін маңызды құжат.Бұл бастамалар тек әлеуметтік мәселелер ғана емес, сонымен қатар, экономикамыздың дамуына, жекелей салаларды жетілдіруге елеулі серпін береді.Бүгінде, Елбасы бастамасы Қазақстандықтар арасында кең талқыланып, қолдау табу мақсатында мәлімет беріп, олардың тиімділігін атап өтті. Жиналыс барысында мектеп директорлары тарапынан да жан-жақты сұрақтар қойылып, оларға тиімді және пайдалы жауаптар берілді.Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бағдарламасы» атты Үндеуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында Үндеу бойынша ниет білдіріп, қызығушылық танытып, жатқан адамдардың көп екендігі байқалды. Жиналыс барысында көптеген сұрақтарына толыққанды қанағаттандырарлық жауап алды деген үміттеміз.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы