SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұыймдастыруымен Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді!

 

Семинар-кенеске Әл-Фараби аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелердің, мектептердің, бала-бақшалардың, емханалардың қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы мен Қазақстан Республикасының қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына» толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп 2018 жылдың 01 қантарынан күшіне енгені туралы түсіндірілді. Заңдағы түзетулер мемлекеттік сатып алуды жетілдіруге және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын заңнамалық тұрғыдан реттеуге және мемлекеттік сатып алу процестерін жеңілдетуге бағытталған атап көрсетті.

- Біріншіден – бір көзден сатып алудың шекті сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен 500 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылған (жұмыстар мен қызметтер)

- Екіншіден – тапсырыс берушілерге баға ұсыныстармен сатып алу кезінде тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге құқық беріледі (1 000 айлық көрсеткішке дейінгі сатып алу немесе 2 450 000 теңгеге дейін ). Бұл сапалы тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді

- Үшіншіден – «демпингтік баға» ұғымына нақты түсінік беріледі және оған жол бермеу шаралары көзделеді. Қазіргі мәселе сатып алудың қатысушылары контрактілерге қол жеткізу үщін бағаны негізсіз төмендетеді («демпингтейді»), ол келісімшарт міндеттемелерін тиісінше орындамауға әкеледі.

- Төртіншіден – бюджеттің төтінші деңгейін енгізу аясында ауыл әкімдіктері үшін бір көзден сатып алудың шекті сомасы 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Ауыл әкімдіктері үшін аталған норма 2021 жылға дейін қолданылады.

                                                                                                                                                                                                                                       Семинар барысында қатысқан қызметкерлер білікті мамандарға сұрақ қойып, өзекті мәселелерді де ортаға салып тиісті жауаптарын алып, толықтай қанағаттындырылды.

 

Әл-Фараби ауданыаумағындағы көпқабатты үй тұрғындарына Шымкент қаласыныңтөтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, «КазТрансГаз-Аймақ» АҚ-ның және жергілікті полицияқызметкерлерімен бірлесе тұрғындарға газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай ақ, Құрметті аудан тұрғындары жылыту маусымы кезіңінде,  көмір-қышқыл газынан адамдардың улану жағдайларының алдын алумақсатында,автономды жылыту жүйелері бар үй тұрғындары, Газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды және газ мұржаларының уақытылы тазалануына қатаң түрде көңіл білдірулеріңізді сұранамыз.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы