SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

«Қала тазалығы – баршамызға ортақ!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері мен аудандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының және аудандық жергілікті полиция қызметі өкілдерімен бірлескен «Қала тазалығы – баршамызға ортақ!» акциясы жалғасуда. Іс-шара барысында ауданымыздағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы жастарға, құрылыс қалдықтары мен қатты тұрмыстық қалдық заттарды тастаған тұрғындарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434, 505 баптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Акцияның басты мақсаты - құқық бұзушылыққа жол берген азаматтарға айыппұл салу емес, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақыру және құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда он тәулікке дейін қамауға алуға болатындығы және қандай мөлшерде айыппұл салынатындығын ескерту болып табылады. Акция барысында қала тұрғындарының қала тазалығына жан-жақты көңіл бөліп келе жатқандығы байқалды.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы