SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Баршаңызды қасиетті де ұлық мерекеміз – Құрбан айт

мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Құрбан айт – барлық мұсылмандардың үлкен қуанышпен тойлайтын ерекше мереке. Құрбан айт - жалпы адамзатты жақсылыққа, ізгілік пен имандылыққа тәрбиелейтін ұлық мейрам.

Осы қасиетті күндері мұсылмандар құрбандық шалып, бір-бірлеріне үлестіріп, баршаға жақсы тілектер айтады. Ынтымақ пен ырыздықты, мейірім мен шүкіршілікті арттыратын берекелі мереке – Құрбан айт адамдардың жылы қарым-қатынас жасауына, түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдерінің өзара етене араласуына кең жол ашады. Дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, Мәңгілік елді ұлт мұратына айналдырған мемлекетіміздің айбыны мен ажары осындай игі істерімен асқақтай бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

Осы орайда, әрбір азаматтың бір-біріне деген бауырмашылықтарын арттырып, мұқтаж жандардың осы күндері мерейлерін арттыруына үлкен пайдасын тигізетін Құрбан айт мейрамымен тағы да құттықтаймын!

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Ұлы мерекеде әр отбасына бақыт, береке тілеймін. Деніміз сау, жұртымыз тыныш, елімізде тек жақсылықтар бола берсін!

Құрбан айт мейрамы қабыл болсын!

 

 

Ізгі ниетпен: Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы