SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың«Президенттің бес әлеуметтік бағдарламасы» атты Үндеуі бойыншаӘл-Фараби ауданы тұрғындарымен жиналыс өтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  2018 жылғы 5 наурызда   Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына  «Президенттің бес әлеуметтік бағдарламасы» атты Үндеуін Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Байжанов Дархан Оразұлы аудан тұрғындарына насихаттау мақсатында жиын өткізді.

«Бұл Үндеу еліміздің әлеуметтік жағдайын  жаңа деңгейге көтеріп, қарқынды дамуына жол беретін маңызды құжат. Бұл бастамалар тек әлеуметтік мәселелер ғана емес, сонымен қатар, экономикамыздың дамуына, жекелей салаларды жетілдіруге елеулі серпін беретінін» атап өтті аудан әкімінің орынбасары Д.Байжанов.

Жиын барысында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» Оңтүстік Қазақстан Облысы филиалының директоры Ботанбеков Ануар Амангелдиевич «7-20-25» бағдарламасын халыққа кеңінен түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Есеналиев Асхат Ералыұлының баяндамасыда талқыланды.

Жиынға 160 аудан тұрғындары қатысып, жиын барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып,  сұрақтарға толыққанды жауаптар алынды.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы