SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Бүгін Президент жарлығына сәйкес Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов аудан тұрғындары алдында 2019 жылы атқарылған негізгі басымдықтарға тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жайын баян етті.

Есеп аудан аумағында орналасқан «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Батаев Берік Әділгерейұлы және Шымкент қаласы әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов арнайы келіп қатысты.

Аудан тұрғындары инфрақұрылым, қоғамдық көлік, жол, көпқабатты үйлердің ауласын жарықтандыру мен ойын алаңшаларын салу, жер саласы және спорт кешендерін салу мәселелері бойынша сұрақтарын жолдады. Өз кезегінде аудан әкімі бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Еске сала кетсек бұған дейін есепті кездесу Сәуле шағынауданында орналасқан №129 мектепте және Б.Момышұлы атындағы ІІМ-нің ғимаратында өткен болатын.

Бүгінгі жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан тұрғындары мен орам басқарушылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер, тиісті салалардың басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

Copyright © 2020 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы