SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов аудан тұрғындары алдында есебін берді!

 

Елбасы жарлығына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов аудан тұрғындары алдында 2018 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша өз есебін баяндады. Есепті кездесу Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратында өтіп жиынға Шымкент қаласы әкімнің бірінші орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы және ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Егемберді Ерғали Қуандықұлы қатысты.

Жиында Шымкент қаласының құрметті азаматы, ардақты ардагер Т.Өмірбек, Шымкент қаласының Корей этно-мәдени бірлестігінің төрайымы П.Р.Викторовна, Аудан жастары атынан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Б.Байтуов жарыссөзге шығып сөз сөйлеп, аудан әкімінің есебіне оң бағасын берді.

Осылайша ауданда өткен 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат міндеттерге жан жақты тоқталған Ғабит Патшаханұлының есепті баяндамасына жалпы аудан тұрғындары қатысып, әкім жұмысын қатанғаттанарлық деп бағалап, өзекті мәселелерді де ортаға салып тиісті жауаптарын алып жатты.

Жиын соңында қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай сөз алып, қала көлемінде оның ішінде Әл-Фараби ауданы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтіп, көпшіліктің шешімі бойынша аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Жиынға ауданның зиялы қауым өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан тұрғындары мен орам басқарушылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер, тиісті салалардың басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы