SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов аудан тұрғындары алдында есебін берді!

 

Елбасы жарлығына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов аудан тұрғындары алдында 2018 жылы атқарылған жұмыстарды бойынша өз есебін баяндады. Есепті кездесу «Сәуле» шағынауданында орналасқан №129 ЖОМ-де өтіп жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Есболұлы Жумин қатысты.

2018 жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталған Ғабит Патшаханұлы аудан аумағында орналасқан 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, 30 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, 22 топырақ көшеге, ұзындығы 18 шақырымды құрайтын шағал тас төсеу жұмыстары және көшелерде жол кептелістерін болдырмау мақсатында, 4 көшеге оң жақты бұрылыс жолдары орнатылғанын мәлімдеді.

2018 жылы 22 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылды және аудан аумағында орналасқан барлық көпқабатты тұрғын үйлер түзілген кестеге сәйкес өз мерзімінде жылуға қосылған.

Осылайша ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат міндеттерге жан жақты тоқталған Ғабит Патшаханұлының есепті баяндамасына «Сәуле»,«Откорм», «195 орам», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарының тұрғындарыда қатысып, әкім жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, өзекті мәселелерді де ортаға салып тиісті жауаптарын алып жатты.

Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан тұрғындары мен орам басқарушылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер, тиісті салалардың басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы