SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданында «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» табыстау рәсімі өтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметаліұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы  27 қаңтардағы №184 Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Алтын алқамен» жеті бала тәрбиелеп өсірген 2 ананы және «Күміс алқамен» алты бала тәрбиелеп өсірген 7 ананы  құттықтап, алқалары мен кітапшасын  табыс етті.

     Әл-Фараби ауданының әкімі Б.Қалжанов «Елімізде алғаш рет аталып өтіп жатқан 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспіз! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді өз сөзінде.

Аналарды осылай құрметтеп құттықтауды аудандық әкімдік 7 жылдан бері дәстүрге айналдырып келеді. Наградталушылардың басымы жастар.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы