SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданында «Ұлыстың Ұлы күні – 22 наурызға» арналған мерекелік

іс-шара өтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Наурыз – сонау ерте заманнан тамыр алған, тарихи мазмұны терең, халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен астасқан, әлеуметтік-рухани мәні мен маңызы зор мейрам.

Ұлыстың ұлы күні – жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен ынтымақтастықтың, ырыс пен молшылықтың мерекесі.

Наурыз адам баласын тек ізгілікке, жақсылыққа, жаңаруға ұмтылдырады. Бұл күнді халқымыз жақсылықтың жаршысы, бірліктің бастауы деп білген.

Діл мен тілге бөлмейтін наурыз мейрамы тәуелсіздік жылдары халықты ұйыстыра түсті. Бүгінгі кезде үш күн бойы мерекелейтін ең үлкен біздің мейрамымыз. Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан ұлыстың ұлы күні ай мен күндей әлемге бірдей адамзаттық ортақ қазынасына айналды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  22наурыз күні «Ұлыстың Ұлы күні - 22наурыз» атты кең көлемде мерекелік іс-шара өткізілді. Әл-Фараби ауданында орналасқан Жоғары Оқу Орындары және мектептер,балабақшалар,спорт мектептері мерекелік іс-шараға біркісідей ат салысып, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді және ұлттық тағамдарды көрсететін көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ ауданымызда орналасқан спорт мектебі сан түрлі ұлттық ойындар өткізді. Атап айтқанда: шахмат, тоғызқұмалақ,қол күрес,арқан тарту,гір тасын көтеру тағы басқа да ойындар өткізілді. Ауданымызға қарасты жергілікті кәсіпкерліктердің  қолдауымен тұрғындарға  мерекелік дастархан жайылды.

       Әл – Фараби ауданының әкімі Б.Қалжанов қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың Ұлы күні мейрамымен құттықтай отырып, «Біздің ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін қайтадан жаңғыртып жатқан бұл мерекені  қазіргі экономикалық тұрақтылық,халықтардың өзара түсіністігі мен бірлігі арқасында жарқын көңілмен,ықыласпен қарсы алуды дәстүрге айналдырдық. Наурыз мейрамы-Тәуелсіз еліміздің  дамуы мен гүлденуі жолында халқымызды бір-бірімен одан сайын тығыз жақындастыра түседі»,- дей келе егемен еліміздің әлемдік айбыны мен абыройы арта берсін деген жылы лебізін білдірді.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы